Қазақстан УЕФА рейтингінде екі сатыға төмендеді

Қазақстан УЕФА рейтингінде екі сатыға төмендеді
Футбол

kff.kz

Үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчтарынан кейін Қазақстан УЕФА коэффициенттер рейтингінде 39-орынға түсті, деп хабарлайды Bassport.kz KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап. Бұған дейін еліміз 37-ші орында тұрған еді.

Коэффициент – бұл бес маусымдағы нәтижелердің қосындысы: ағымдағы маусымдағы орташа көрсеткіш (барлық клубтардың жинаған ұпайы қатысушы клубтар санына бөлінеді) және алдыңғы төрт маусымдағы нәтижелер. Егер екі елдің көрсеткіші бірдей болса, өткен маусымда жоғары нәтиже көрсеткен ел жоғары орынға ие болады.

УЕФА коэффициенттер кестесінің үздігі:

1. Англия — 94.839

2. Италия — 84.374

3. Испания — 78.703

4. Германия — 74.545

5. Франция — 67.748

Қазақстан қазіргі таңда 11.750 ұпаймен 39-шы орында. Алдыңғы қатарда — Босния және Герцеговина (11.781), артымыздан — Фарер аралдары (9.750).