«Қайрат» пен «Астананың» жауапты матчтары тікелей эфирде көрсетіледі

«Қайрат» пен «Астананың» жауапты матчтары тікелей эфирде көрсетіледі
Футбол

KazFootball.kz

Bassport.kz хабарлауынша, қазақстандық жанкүйерлер Еурокубоктардың үшінші іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» пен «Астананың» жауапты ойындарын тікелей эфирде тамашалай алады.

12-нен 13 тамызға қараған түні Словакияның Братислава қаласында Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта матчы өтеді. Онда жергілікті «Слован» алматылық «Қайратты» қабылдайды. Бұл кездесудің тікелей трансляциясын «Qazsport» арнасы жүргізеді. Ойын сағат 23:15-те басталады (қазақстан уақыты).

14 тамызда елордалық «Астана» Конференциялар лигасының үшінші кезеңінде швейцариялық «Лозаннаға» қарсы өз алаңында ойнайды. Кездесу сағат 19:00-де басталып, «Qazsport» арнасынан көрсетіледі.

Айта кетейік, алғашқы ойында «Қайрат» «Слованды» 1:0 есебімен жеңген болатын, ал «Астана» «Лозаннадан» 1:3 есебімен ұтылды.