WTA Елена Рыбакинаның бір ерекшелігін атап өтті

WTA Елена Рыбакинаның бір ерекшелігін атап өтті
Теннис

Sport Plus Qazaqstan

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Қазақстан атынан өнер көрсететін әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакинаға қатысты қызықты заңдылықты атады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Бүгін Монреальда өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалына жолдама алған Елена екі сетте румыниялық Жаклин Кристианнан басым түсті — 6:0, 7:6.

WTA мәліметінше, 2025 жылғы маусымда Рыбакина алғашқы сетті жеңіп алған матчтардың басым бөлігінде жалпы жеңіске жетіп жүр.

«Егер бірінші сет Елена Рыбакинаның пайдасына шешілсе, ол көбінесе матчты жеңіспен аяқтайды. Жаклин Кристианмен болған кездесудің алғашқы сеті небәрі 25 минутта аяқталды», — деп жазды WTA өзінің Х-тегі ресми парақшасында.

Келесі кезеңде Рыбакина украиналық Даяна Ястремскаямен кездеседі.