Елена Рыбакина Канададағы турнирдің жартылай финалына шығу үшін күреседі

Теннис
ҰОК
Қазақстан әйелдер теннис құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Монреаль қаласында (Канада) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Турнирдің төртінші айналымында Қазақстанның бірінші ракеткасы украиналық Даяна Ястремскаяны (WTA рейтингінде 35-орында) 5:7, 6:2, 7:5 есебімен жеңді. Кездесу 2 сағат 33 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина жеті эйс орындап, тоғыз қос қателікке жол берді және тоғыз брейк-пойнттың бесеуін сәтті жүзеге асырды.
Жартылай финалға шығу үшін Елена украиналық Марта Костюкпен кездеседі.