Шавкат Рахмоновтың жұбайының қатысуымен болған жол апатына қатысты жаңа деректер жарияланды

Шавкат Рахмоновтың жұбайының қатысуымен болған жол апатына қатысты жаңа деректер жарияланды
Басқа

Zakon.kz

UFC ұйымында өнер көрсететін танымал қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмоноваға қатысты орын алған жол-көлік оқиғасына байланысты жаңа мәліметтер шықты, деп хабарлайды Bassport.kz HALYQSTAN және Жамбыл облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Аталған ақпаратқа сәйкес, екі әйел адамның қаза болуына әкелген жол апаты кезінде көлікті Гүлайым Рахмонова жүргізбеген. Ол бұл істі тергеу барысында қорғану құқығына ие куәгер ретінде танылған.

Еске салайық, қайғылы оқиға Мойынқұм ауданы аумағында, Қарағандыдан Алматыға бара жатқан жолда орын алған. Көлікте Гүлайым Рахмонова, баласы және екі әйел жолаушы болған. Өкінішке қарай, екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Полиция таратқан ресми мәліметте:

– ЖКО фактісі бойынша тергеу аясында барлық қажетті процессуалдық шаралар жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Куәгер ретінде жауап алынған азаматша қазіргі уақытта Алматы қаласындағы ауруханада ем қабылдап жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша заң аясында нақты процессуалдық шешім қабылданады. Басқа мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды, – деп атап өтті полиция департаменті.

HALYQSTAN тілшісінің жазуынша, Гүлайым Рахмонова өз түсініктемесінде апат кезінде көлік жүргізушісі болмағанын айтқан. Оның сөзінше, ұзақ жолдан шаршауына байланысты, рөлге тіркелген көлікке иелік етсе де, көлікті жүргізуді марқұм әйелдердің бірі жалғастырған.

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.