«Зенит» Нұралы Әліпті мақтап, қазақ тілінде жазба жариялады

«Зенит» Нұралы Әліпті мақтап, қазақ тілінде жазба жариялады
Футбол

Зенит

Санкт-Петербургтік «Зенит» футбол клубы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Қазақстан құрамасы мен клуб қорғаушысы Нұралы Әліпке арнап қазақ тілінде жазба жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz тілшісі.

«Керемет ойын», – делінген қорғаушының ойынын бейнелейтін видеожазба астындағы мәтінде.

Еске салайық, Нұралы Әліп 2022 жылдан бері Ресейдің «Зенит» клубында өнер көрсетіп келеді. Ол алматылық «Қайраттан» ауысқан болатын.

Жуырда өткен Ресей Кубогының матчында Әліп алғаш рет өзінің командасын капитан ретінде алаңға бастап шықты.