Бивол мен Бетербиев арасындағы трилогия кейінге шегерілді

Чемпионат
Жартылай ауыр салмақта бұрынғы абсолютті чемпион Артур Бетербиев (21-1, 20 КО) жанкүйерлер асыға күткен трилогияны күтпей, өзіне жаңа қарсылас таңдады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Бетербиев Сауд Арабияның Эр-Рияд қаласында өтетін Давид Бенавидес – Энтони Ярд жекпе-жек кешінде өнер көрсететін болды. Оның қарсыласы – америкалық боксшы Деон Николсон (22-1). Кездесу 22 қарашада өтеді.
Бұл жаңалықты Vringe.com редакциясы былай деп түсіндіреді:
– Бетербиевтің бұл кардқа кенеттен қосылуы бекер емес. Мұның артында Турки әл аш-Шейх тұрғаны анық. Оның мақсаты – Артур мен WBC чемпионы Давид Бенавидесті болашақта бір рингке шығару.
Айта кетейік, бастапқыда Бетербиев пен Дмитрий Бивол арасындағы үшінші жекпе-жек қараша айына жоспарланған еді.
Олардың алғашқы кездесуі өткен жылдың қазан айында өтті. Сол кезде Бетербиев төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Ал биылғы ақпандағы қарымта жекпе-жекте жеңіс Биволға бұйырды. Осылайша есеп теңескен болатын, енді трилогияның нақты уақыты белгісіз күйде қалып отыр.