«Алтын допқа» таласта күтпеген үміткер көш бастады

Спортс
The Sporting News басылымы «Алтын допқа» үміткерлердің жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Тізімнің көшін күтпеген жерден «Барселона» мен Бразилия құрамасының вингері Рафинья бастады. Ол алғашқы үштікке еніп, Усман Дембеле («ПСЖ») мен Мохамед Салахты («Ливерпуль») артта қалдырды.
— Бразилиялық футболшы «Барселонаға» қосылған сәттен бастап тұрақты әрі нәтижелі ойын көрсетіп келеді. Бірақ Фликтің келуімен мүлде жаңа деңгейге көтерілді. Оның Ла Лигадағы 18 голы мен 11 нәтижелі пасын айтпағанда, Чемпиондар лигасындағы 13 гол мен 9 ассисті — «Алтын допқа» лайық үміткер екенін дәлелдейді, — деп жазады басылым.
Рафиньяның командасы — «Барселонаның» тағы бір ойыншысы, 18 жастағы испандық Ламин Ямаль рейтингте төртінші орынға жайғасқан. Ал үздік бестікті «Реал Мадрид» шабуылшысы және Франция құрамасының жұлдызы Килиан Мбаппе түйіндейді.
The Sporting News ұсынған «Алтын допқа» үміткерлердің үздік ондығы:
1. Рафинья (Бразилия, «Барселона»)
2. Усман Дембеле (Франция, «ПСЖ»)
3. Мохамед Салах (Египет, «Ливерпуль»)
4. Ламин Ямаль (Испания, «Барселона»)
5. Килиан Мбаппе (Франция, «Реал Мадрид»)
6. Витинья (Португалия, «ПСЖ»)
7. Харри Кейн (Англия, «Бавария»)
8. Роберт Левандовски (Польша, «Барселона»)
9. Хулиан Альварес (Аргентина, «Атлетико»)
10. Джуд Беллингем (Англия, «Реал Мадрид»)