Станислав Черчесов ресми түрде “Ахмат” клубының бас бапкері атанды

Станислав Черчесов ресми түрде “Ахмат” клубының бас бапкері атанды
Футбол

kff.kz

Тәжірибелі ресейлік маман Станислав Черчесов Грозный қаласының “Ахмат” футбол клубын ресми түрде тізгіндеді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Кеше ғана клуб 2025/26 жылғы маусымды сәтсіз бастаған бас бапкер Александр Сторожукпен және оның жаттықтырушылар штабымен келісімшартты бұзғанын мәлімдеген болатын. Команда маусымдағы алғашқы төрт ойында қатарынан жеңілген.

Станислав Черчесов бұл командада бұрын да жұмыс істеген. Ол 2011 жылдың қыркүйегі мен 2013 жылдың мамыры аралығында грозныйлық клубты басқарған. Ол кезде ұжым “Терек” атауымен өнер көрсеткен.

Айта кетейік, қазіргі таңда “Ахмат” сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов та ойнайды.