Абылайхан Жүсіпов: Төреханнан басқа да талантты боксшылар көп

Бокс
ҚБФ
Қазақстан ұлттық құрамасының боксшысы Абылайхан Жүсіпов жас спортшы Төрехан Сабырхан туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz 1bol.kz подкастына сілтеме жасап.
— Қазір барлығы Төрехан Сабырхан туралы айтып жүр. Бірақ құрамада тек Төрехан ғана емес, басқа да талантты жастар бар. Мысалы, Нұрбек Мұрсал мен Фарух Тоқтасынов секілді мықты боксшыларымыз жетерлік, — деді Жүсіпов.
Айта кетейік, 70 келіге дейінгі салмақта Жүсіпов ұлттық құрамада бірінші нөмірлі боксшы саналады, ал Сабырхан — екінші. Алайда Астанада өткен Әлем кубогында Жүсіпов сәтсіз өнер көрсеткеннен кейін бас бапкер Қайрат Сәтжанов 2025 жылы Ливерпульде өтетін World Boxing әлем чемпионатына Торехан Сабырхан баратынын мәлімдеген еді.