Жанкүйерлер Криштиану Роналдудың жеке кеңістігіне басып кірді

Жанкүйерлер Криштиану Роналдудың жеке кеңістігіне басып кірді
Футбол

Bel.Football

Сауд Арабияда «Аль-Наср» клубының жұлдызы Криштиану Роналдуға қатысты жағымсыз оқиға орын алды. Бұл туралы Bassport.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Хабарламаға сәйкес, бірнеше жанкүйер клубтың ресми резиденциясы – «Виктори» кешенінің аумағына заңсыз кіріп, әйгілі португалиялық футболшымен суретке түсуді көздеген. Қауіпсіздік шараларына қарамастан, бір топ жанкүйер Роналду тұратын бөлмеге дейін жетіп үлгерген.

Бұл жағдай шабуылшының ашуын туғызды. Басылым дерегінше, Роналду жеке кеңістігіне жасалған мұндай бассыздыққа наразылық білдіріп, тіпті полиция шақыртамын деп сес көрсеткен.

Айта кетейік, Криштиану Роналду 2023 жылдың қаңтарынан бері «Аль-Наср» клубының намысын қорғап келеді. Оның клубпен келісімшарты 2027 жылдың маусым айының соңына дейін жарамды.