Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокста Өзбекстан тәжірибесін таңдады

Бокс
GOV.KZ
Қазақстандық танымал боксшы, Токио Олимпиадасының жүлдегері Сәкен Бибосынов кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізіп, жаңа деңгейге қадам басты. Бұл туралы Bassport.kz Sports.kz сілтеме жасап хабарлайды.
Бапкері Мырзагали Айтжанов шәкіртінің дебютіне қатысты пікір білдіріп, оның дайындық деңгейі мен болашақ жоспары туралы айтты:
— Сәкен бұл жекпе-жекке жақсы дайындалды. Қарсыласы да оңай боксшы емес. Kәсіпқой бокста 10 жекпе-жек өткізіп үлгерген. Алайда менің шәкіртім деңгей жағынан басым болды және таза жеңіске жетті. Осы кешті ұйымдастырған промоутерлер де Сәкеннің өнеріне риза болды.
Қазір әлемде бір мезгілде әуесқой және кәсіпқой бокста қатар өнер көрсету тәжірибесі кең таралған. Бұл тәсілді, әсіресе, көршілес Өзбекстан боксшылары сәтті қолданып жүр. Біз де осы бағытты байқап көрмекпіз, — деді Айтжанов.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 20 шілде күні Қырғызстан астанасы Бішкекте өткізді. Ол филиппиндік қарсыласы Кристиан Леганені (6-1-3, 4 KO) бірінші раундта нокаутқа түсіріп, сенімді жеңіске жетті.