Бокстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты алдында жазаланды (ВИДЕО)

Бокстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты алдында жазаланды (ВИДЕО)
Бокс

ҰОК

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Осы жиыннан қызықты сәтті команда капитаны Назым Қызайбай Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Үш дүркін әлем чемпионы жариялаған видеода ұлттық құраманың боксшылары “упор лёжа” қалпында жазаланған күйде жаттығу алаңында бір командаласын күтіп тұр. Видеода қыздардың тәртіпті сақтай отырып, әзілді де ұмытпағаны байқалады.  

«Бес минуттан бері тұрмыз», «Бұл енді қызу жаттығуға айналды» — дейді спортшылар әзіл-шыны аралас.

Осы сәтте бас бапкер Елдос Сайдалин:

«Тұрамыз, тұрамыз. Наташа Шымкентке кетіп қалған», - деп қалжыңдай жауап қайтарады.

Жазба астында: «Сапқа кешіккендерді осылай күтеміз» деген әзіл-ескерту сипатындағы жазу қалдырылған.