«Семей» клубы Аслан Смақовпен 2027 жылға дейін келісімшартын ұзартты

«Семей» клубы Аслан Смақовпен 2027 жылға дейін келісімшартын ұзартты
Футзал

Футзалдан «Семей» клубы бас бапкер Аслан Смақовпен келісімшартты 2027 жылдың соңына дейін ұзартты.

34 жастағы маман командаға 2025 жылдың басында келіп, аз уақыт ішінде жарқын нәтижелерге қол жеткізді.

Смақовтың жетекшілігімен команда наурыз айында Қазақстан кубогының финалында «Қайратты» 5:1 есебімен жеңіп, алғашқы трофейін иеленді. Маусым соңында чемпионаттың плей-офф финалына дейін жетіп, УЕФА Чемпиондар лигасына жолдама алды.

Клуб басшылығы бапкердің кәсіби деңгейін, жүйелі жұмысын және туған қаласына деген берілгендігін атап өтіп, келісімді ұзартуды стратегиялық шешім деп атады.

«Бұл – тұрақтылықты, даму мен клубтың болмысын сақтауға бағытталған қадам», — деді бас директор Азамат Аселкан.

Аслан Смақов бұл келісімді өзінің мансабындағы маңызды белес ретінде бағалап, клуб басшылығына сенім білдіргені үшін алғыс айтты.

Қазір «Семей» жаңа маусымға дайындалып жатыр. Алғашқы ресми ойын 23 тамыз күні – Қазақстан Суперкубогында «Қайратқа» қарсы өтеді.