Асу Алмабаев UFC жекпе-жегіне дейін қаржылай бонус алды

Асу Алмабаев UFC жекпе-жегіне дейін қаржылай бонус алды
Жекпе-жек

Fight.ru

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев алдағы жекпе-жегіне дейін промоушен тарапынан қаржылай марапатқа ие болды. Бұл сыйақы медиа аптасына белсенді қатысқаны үшін берілді, деп хабарлайды Bassport.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

UFC-ге жақын телепродюсер Джед Гудманның хабарлауынша, UFC on ABC 9 турниріне қатысатын спортшылар бес санатқа бөлініп, әрқайсысына алдын ала белгіленген көлемде қаржылай төлем жасалуда. Бұл төлем медиялық және жарнамалық іс-шараларға қатысуға байланысты беріледі.

Асу Алмабаев үшінші категорияға енген бес спортшының қатарында аталып, 6000 АҚШ долларын (шамамен 3 миллион теңге) иеленді. Оның болашақ қарсыласы, перуалық Хосе Очоа бірінші деңгейге енгізіліп, 4000 доллар мөлшерінде бонус алған.

Айта кетейік, Асу Алмабаев 26 шілде күні Абу-Дабиде өтетін UFC on ABC 9 турнирінде Хосе Очоаға қарсы октагонға шығады.