Тони Фергюсон мен Хабиб Нурмагомедов Ақ үйде жекпе-жек өткізуі мүмкін

Жекпе-жек
UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы, 41 жастағы америкалық Тони Фергюсон Ресейдің аты аңызға айналған спортшысы, UFC жеңіл салмақтағы экс-чемпион Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Bassport.kz Championat.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Фергюсонның айтуынша, ол жекпе-жекті АҚШ президентінің резиденциясы саналатын Ақ үйде өткізгісі келеді:
«Мен Хабибпен Ақ үйде жекпе-жекке шығуға дайынмын. Тіпті, бұл жекпе-жекті өзі де қалар еді деп ойлаймын. Оның әкесі кезінде біз екеуміздің жекпе-жегіміз міндетті түрде өтуі тиіс айқас деп айтқан болатын», — деді Тони MMA Crazy Youtube-арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Тони Фергюсон мен Хабиб Нурмагомедов арасындағы жекпе-жек түрлі себептерге байланысты бес рет жоспарланып, әр жолы тоқтатылған еді.