Қазақстан дзюдошылары Grand Slam турнирінің алғашқы күнін жүлдесіз аяқтады

Дзюдо
IJF
Улан-Баторда (Моңғолия) өтіп жатқан дзюдодан халықаралық Grand Slam турнирінің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Татамиге шыққан бес қазақстандық спортшының ішінде тек Бауыржан Нарбаев (66 кг) финалдық блокқа дейін жетіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алған болатын. Алайда шешуші белдесуде ол жергілікті спортшы Баттогтох Эрхембаярдан жеңіліп қалды.
Осылайша, жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы жүлдеге қол жеткізе алмады.