Қазақ файтері UFC президентіне үндеу жасады

Қазақ файтері UFC президентіне үндеу жасады
Жекпе-жек

UFC

Қазақстандық файтер Алиби Идрис UFC ұйымдастырған The Ultimate Fighter реалити-жобасында жеңіске жетіп, промоушен президенті Дана Уайтқа тікелей үндеу жасады, деп хабарлайды Bassport.kz.  

Октагонда финал жолдамасы үшін венесуэлалық Ройберт Эчеверриямен кездескен Идрис жекпе-жекті бірінші раундта нокаутпен аяқтады. Ол алдымен қарсыласын секіріп тіземен соғып, кейін партерде дәл соққылармен жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Жеңісінен соң отандасымыз октагонның торына жүгіріп барып, залда отырған Дана Уайтқа әсерлі үндеу жасады:

— Дана, менің атымды жаттап ал! Мен сенен бонус алғым келеді! Менің атым - Алиби Идрис. 12 жеңіс, бірде-бір жеңіліс жоқ. Мен — жеңіл салмақтағы жаңа жұлдызбын! Қазақстан, алға! — деді спортшы.

UFC басшысы Дана Уайт Идрисовтың эмоциялық сөзін жылы қабылдап, күлкісімен жауап беріп, әсерлі өнері үшін оны мақтап өтті.