Универсиада-2025: Қазақстан алғашқы алтын жүлдеден кейін нешінші орында?

Телжан Күдеров
Қазақстан құрамасы Германияда өтіп жатқан Дүниежүзілік жазғы Универсиада-2025 додасында алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Таэквондошы Самирхон Абабакиров елімізге тұңғыш алтын сыйлады. Осылайша, Қазақстан қоржынында жеті жүлде бар: бір алтын және алты қола. Қола медаль иегерлері — таэквондошылар Дамир Шуленов, Тамирлан Тiлеулес, Батырхан Төлеуғали, Бейбарыс Каблан мен Нодира Ахмедова, сондай-ақ көркем гимнастикадан сынға түскен Айбота Ертайқызы.
Абабакировтың жеңісі Қазақстан құрамасының медальдық есептегі позициясын айтарлықтай жақсартты — ұлттық құрама 19-орынға көтерілді.
Медаль кестесінде көш бастап тұрған — АҚШ құрамасы (18 алтын, 9 күміс, 19 қола). Екінші орында — Қытай (12 алтын, 15 күміс, 4 қола). Үздік үштікті Оңтүстік Корея түйіндеп тұр (11 алтын, 5 күміс, 13 қола).
Универсиада жарыстары 27 шілдеге дейін жалғасады.