«Реал» Мбаппеге қатысты күтпеген шешім қабылдады

Футбол
LiveResult
Мадридтік «Реал» клубының басшылығы француз шабуылшысы Килиан Мбаппенің ойын нөміріне қатысты тосын шешім қабылдады, деп хабарлайды Bassport.kz Sport24.ru сайтына сілтеме жасап.
L’Equipe мәліметінше, алдағы маусымда Мбаппе «корольдік клуб» сапында 10-нөмірмен алаңға шығады. Бұл нөмір бұрын Лука Модричке тиесілі болған еді. Жазда хорват футболшысы Италияның «Милан» клубына ауысқан соң, 10-нөмір бос қалған.
Бұған дейін Мбаппе «Реалда» 9-нөмірлі жейдемен ойнаған болатын. Ал Франция құрамасында дәстүрлі түрде дәл осы 10-нөмірімен өнер көрсетіп жүр.
Айта кетейік, Килиан Мбаппе «Реал» сапындағы алғашқы маусымында 59 матч өткізіп, 45 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.