ФИФА Мадридтік «Реалды» клубтық әлем чемпионы атағынан айырды

ФИФА Мадридтік «Реалды» клубтық әлем чемпионы атағынан айырды
Футбол

Arsenal.com

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) лондондық «Челсиді» жаңартылған клубтық әлем чемпионатының алғашқы жеңімпазы ретінде ресми түрде таныды. Бұл шешім өткен жылдардағы турнирлердің мәртебесіне өзгеріс енгізіп, мадридтік «Реалдың» бес титулын (2015, 2017, 2018, 2019, 2023) енді Құрлықаралық кубок деп атауға алып келді, деп хабарлайды Bassport.kz.

«Челси» 2024/25 маусымындағы соңғы турнирде жеңіске жетіп, жаңартылған ФИФА клубтық әлем чемпионатының алғашқы жеңімпазы атанды. Олар финалда Еуропа чемпионы ПСЖ-ны 3:0 есебімен ойсырата жеңді, – делінген ФИФА мәлімдемесінде.

Бұдан бөлек, «Реалдың» еншісінде тағы бір Құрлықаралық кубок бар – 2024 жылы мексикалық «Пачукамен» өткен кездесуде (3:0) жеңіске жеткен болатын.

Осылайша, «Реал» қазіргі таңда ФИФА бойынша алты мәрте Құрлықаралық кубок иегері ретінде тіркелді. Ал жаңартылған клубтық әлем чемпионатындағы ресми алғашқы жеңіс «Челси» клубына тиесілі болып отыр.