“Реалдың” жаңа капитандары жарияланды

Футбол
Fondoruso.ru
Лука Модрич пен Лукас Васкес командадан кеткеннен кейін мадридтік “Реал” капитандық құрамын жаңартты, деп хабарлайды Bassport.kz.
AS басылымының мәліметінше, енді команда капитаны болып 33 жастағы қорғаушы Дани Карвахаль тағайындалды. Ол клубтың түлегі және карьерасының басым бөлігін дәл осы “Реалда” өткізген (бір маусымды ғана Германияның “Байерінде” жалға ойнаған).
Феде Вальверде — екінші капитан, Тибо Куртуа — үшінші, ал Винисиус Жуниор — төртінші капитан болып бекітілді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта “Реал” ойыншылары жазғы демалыста жүр.