Месси ірі жеңістен кейін керемет жаңалық алды

Месси ірі жеңістен кейін керемет жаңалық алды
Футбол

Sportbox

«Интер Майами» клубының капитаны және шабуылшысы Лионель Месси АҚШ чемпионатының (MLS) үздік ойыншысы атағына биыл бесінші рет ие болды. Бұл туралы Bassport.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

19 шілде күні «Нью-Йорк Ред Буллз» командасына қарсы өткен кездесуде (5:1) 38 жастағы аргентиналық жұлдыз екі гол соғып, екі нәтижелі пас берген. Бұл – соңғы жеті матчтағы алтыншы дублі.

Месси 18 матчта 18 голмен бомбардирлер жарысында көш бастап тұр. 2023 жылы «Интер Майами» сапына қосылғаннан бері ол барлық турнирде 68 ойын өткізіп, 58 гол соғып, 26 ассист жасады.

Аргентиналық шабуылшының клубпен келісімшарты 2025 жылдың соңына дейін жалғасады. Transfermarkt порталының дерегі бойынша, Мессидің қазіргі трансферлік құны 18 миллион еуроны құрайды.