Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде нокаутпен жеңіске жетті (ВИДЕО)

Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде нокаутпен жеңіске жетті (ВИДЕО)
Бокс

Offside.kz

28 жастағы қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов (1-0, 1 КО) кәсіпқой мансабын жарқын жеңіспен бастады. Оның алғашқы жекпе-жегі Қырғызстан астанасы – Бішкекте өткен бокс кешінің аясында ұйымдастырылды.

Сәкеннің қарсыласы – 23 жастағы филиппиндік Кристиан Легане (6-2-3, 4 КО). Екеуі екінші жеңіл салмақ дәрежесінде қолғап түйістірді. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланғанымен, Бибосыновқа бір раунд жеткілікті болды. Ол қарсыласын сұлатып түсіріп, нокаутпен айқын басымдық көрсетті.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов әуесқой бокста зор жетістіктерге жеткен. Ол 2020 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ 2021 және 2022 жылдары Азия чемпионаттарында қола және күміс медаль иеленген болатын.