Усик реванштағы жеңісі үшін рекордтық гонорар алды

korrespondent.net
Абсолютті әлем чемпионы атағы үшін өткен реваншта британдық Даниэль Дюбуадан басым түскен украиналық боксшы Александр Усик 132 миллион доллар көлемінде гонорар алды, деп хабарлайды Bassport.kz Sovsport.ru сайтына сілтеме жасап.
Бұл сома 38 жастағы Усиктің мансабындағы ең ірі табыс болып тіркелді. Соңғы екі жылда оның кірісі 22 есеге артқан.
Айта кетейік, жекпе-жек 19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні Лондонда өтіп, бесінші раундта Дюбуа нокаутқа түсті. Усик кәсіби мансабында өткізген 24 кездесудің барлығында жеңіске жеткен. Ал Дюбуаның еншісінде 22 жеңіс пен 3 жеңіліс бар.
Бұл жеңіс арқылы Усик үшінші рет аса ауыр салмақта чемпиондық белбеулерді біріктіріп отыр. Дюбуа бұл кездесуге дейін Халықаралық бокс федерациясының (IBF) чемпионы атанған еді.