Қазақстан балуандары Венгриядағы халықаралық турнирде жеті медаль жеңіп алды

Күрес
olympic.kz
Венгрия астанасы Будапештте өткен Polyák Imre & Varga János Memorial халықаралық турнирінде қазақстандық балуандар 7 медаль еншіледі, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Еркін күресте 61 келі салмақта Асылжан Есенгелді қола медаль жеңіп алды.
Грек-рим күресінде:
• 55 келіде Марлан Мұқашев — күміс,
• 63 келіде Ержет Жарылқасын пен
• 130 келіде Әлімхан Сыздықов — қола жүлдегер атанды.
Әйелдер күресінде:
• 72 келіде Жамиля Бақбергенова — күміс,
• 57 келіде Нилуфар Раимова және
• 76 келіде Эльмира Сыздықова — қола медаль иегерлері атанды.
Бұл нәтиже — Париж Олимпиадасы алдындағы дайындық кезеңінде ұлттық құраманың жоғары деңгейде екенін көрсетті.