Абілқасым Ербұлан – ел чемпионы атанды!

Күрес
2025 жылдың 4–5 шілде күндері Астана қаласында қазақ күресінен 2012–2013 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Байрақты додада еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас балуандар бақ сынап, әр салмақта мықтыны анықтады.
Аталған чемпионатта Түркістан өңірінің намысын қорғаған Абілқасым Ербұлан +65 кг салмақ дәрежесінде қарсыластарына дес бермей, аса сенімді күрес үлгісін көрсетіп, Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
Бұл – жас спортшы үшін ғана емес, оны баптап өсірген жаттықтырушы Мырзабеков Нұрсұлтанның да еңбегінің жемісі.