Қазақстан Будапешттегі рейтингілік турнирге құрамын жариялады

Күрес
Olympic.kz
Біріккен күрес әлемі (UWW) Будапештте (Венгрия) өтетін рейтингілік турнирге қатысушылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
UWW әйелдер күресі бойынша ұлттық құрамалардың ресми өтінімдерін ұсынды.
Аталған жарысқа Қазақстан атынан жеті балуан қатысады:
50 кг дейін – Светлана Анкичева
53 кг дейін – Зейнеп Баянова
57 кг дейін – Нилуфар Раимова
62 кг дейін – Тыныс Дубек
68 кг дейін – Ирина Казюлина
72 кг дейін – Жамиля Бакбергенова
76 кг дейін – Эльмира Сыздыкова
Айта кетейік, турнир 17 шілдеде басталады.