Дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Ашық Азия кубогы өтті

Дзюдо
12–13 шілде күндері Тайваньның Тайбэй қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Ашық Азия кубогы өтті.
Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған бұл байрақты бәсекеге Азия құрлығының бірнеше елінен үздік спортшылар қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды.
Аталған жарыста Түркістан облысының намысын қорғаған 90 келі салмақтағы спортшымыз Хамза Дидар үздік нәтижеге қол жеткізіп, қола жүлдеге ие болды. Бұл – Түркістан өңірі үшін үлкен жетістік әрі халықаралық аренадағы беделді арттыра түсетін маңызды нәтиже.