Әлем чемпионаты – 2026 Әбиба Әбужақыновасыз өтеді

Дзюдо
olympic.kz
2025 жылы Будапештте өткен дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбиба Әбужақынова келесі жылы өтетін жарысқа қатыспауы мүмкін. Бұл туралы спортшы «Бірінші Бол» YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz.
– Келесі жылы әлем чемпионаты өтетін шығар? – Бірақ біз үшін басты жарыс – Азия ойындары. Бізді соған дайындайтын сияқты.
– Сонда сіз әлем чемпионатына қатыспайсыз ба?
– Иә, мен әлем чемпионатына қатыспаймын. Әзірге нақты айту қиын, бұл туралы соңғы шешімді бапкерлер қабылдайды. Егер екі жарыстың арасы алшақ болса, екеуіне де қатысуға болады. Бірақ басты мақсат – Азия ойындары, – деді спортшы.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты Әзірбайжан астанасы Бакуде өтеді. Бұл турнир 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңінің бір бөлігі болады.