Александр Бублик – барлық жабын түрінде жеңіске жеткен 14-ші теннисші

Александр Бублик – барлық жабын түрінде жеңіске жеткен 14-ші теннисші
Теннис

Sport5.by

Қазақстандық теннисші, әлемнің 34-ракеткасы Александр Бублик ATP турындағы барлық жабын түрінде (хард, топырақ, шөп) титул жеңіп алған 14-ші белсенді ойыншы атанды, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Бұл жетістікке Бублик Швейцарияның Гштаад қаласында өткен ATP-250 деңгейіндегі топырақтағы турнирде қол жеткізді. Финалда ол аргентиналық Хуан-Мануэль Серундолоны 6:4, 4:6, 6:3 есебімен жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Бубликтен бөлек, ATP турында барлық жабында титул иеленген белсенді теннисшілер:

• Новак Джокович

• Карлос Алькарас

• Роберто Баутиста-Агут

• Янник Синнер

• Лоренцо Сонего

• Марин Чилич

• Борна Чорич

• Хуберт Хуркач

• Григор Димитров

• Даниил Медведев

• Люка Пуй

• Фрэнсис Тиафо

• Стефанос Циципас

Айта кетейік, бұл — Бубликтің ATP турындағы алтыншы титулы және 2025 жылғы екінші жеңісі.