Елдос Сметов Олимпиададағы «алтынның» сырын ашты (ВИДЕО)

Елдос Сметов Олимпиададағы «алтынның» сырын ашты (ВИДЕО)
Дзюдо

ҰОК

Париж–2024 Олимпиадасында жеңіске жеткен дзюдошы Елдос Сметов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) баспасөз қызметіне берген сұхбатында Олимпиададағы табысының басты құпиясымен бөлісті. Бұл туралы Bassport.kz хабарлайды.

— Үш Олимпиадаға қатысқан тәжірибемнен түйген ойым – жақсы нәтиже көрсететін спортшы, ең алдымен, психологиялық тұрғыдан мықты болуы керек. Көрерменнің көңіл күйін сезіне білу де маңызды. Парижде жарыс күні оянған сәтте өзіме: «Бүгін мен Олимпиада чемпионы болуым керек», – дедім. Сол күні өзімді ерекше жеңіл, сенімді сезіндім, — деп еске алды Елдос Сметов.

Айта кетейік, Елдос Сметов — Қазақстан мен Орталық Азия тарихындағы дзюдо спортынан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Ол сондай-ақ Олимпиада ойындарында үш түрлі жүлдеге ие болған жалғыз дзюдошы: алтын (Париж–2024), күміс (Рио-де-Жанейро–2016) және қола (Токио–2020).