Абиба Әбужақыноваға әлем чемпионатынан кейін жағымды жаңалық жарияланды

Абиба Әбужақыноваға әлем чемпионатынан кейін жағымды жаңалық жарияланды
Дзюдо

ҰОК

Венгрияның Будапешт қаласында өткен байрақты бәсекеден кейін Халықаралық дзюдо федерациясы әлемдік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды Bassport.kz.  

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы саналатын Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі сатыға жоғарылап, қазіргі таңда рейтингтің екінші жолына жайғасты. Оның еншісінде 5662 ұпай бар.

Рейтинг көшін 5958 ұпаймен Италия өкілі Ассунта Скутто бастап тұр. Ал үздік үштікті 5170 ұпай жинаған Франция спортшысы Ширин Букли түйіндеп отыр.

Айта кетейік, Абиба Абужақынова жуырда өткен әлем чемпионатында финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде дәл осы Ассунта Скуттоға есе жіберген болатын.