Левандовски Ханси Фликке ашық түрде бәсеке жариялады

Левандовски Ханси Фликке ашық түрде бәсеке жариялады
Футбол

Sportbox

«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски жаңа маусым алдындағы алғашқы жаттығу күндерінде бас бапкер Ханси Фликке өзінің негізгі құрамдағы орны үшін күресуге дайын екенін анық көрсетті, деп жазады Bassport.kz El Nacional басылымына сілтеме жасап.

36 жастағы поляк шабуылшысының физикалық дайындығы мен мотивациясы бапкерлер құрамын да, командаластарын да таңғалдырған. Бұған дейін Левандовскидің негізгі құрамдағы орнына қауіп төнуі мүмкін деген сыбыстар тараған еді, әсіресе шабуыл шебіне Маркус Рэшфорд сынды жаңа ойыншылар келуі мүмкін деген ақпараттардан соң.

Флик шабуылды әртараптандыруды және ротацияны көбірек қолдануды жоспарлап отырған көрінеді. Алайда Левандовски бұл маусымды өзінің соңғы мүмкіндігі ретінде қарап, бар күшін салуға бел буған. Ол 30-дан астам гол соғуға әлеуеті бар екенін дәлелдеп, командадағы көшбасшылық рөлін сақтап қалғысы келеді.

Роберт Левандовски «Барсадағы» мансабын жоғары деңгейде аяқтауды — ЧЛ жеңісімен немесе кем дегенде жарқын маусыммен — армандайды. Ханси Флик үшін де тәжірибелі шабуылшының лидерлігі аса маңызды. Бавария кезінен таныс мінезі мен еңбекқорлығы поляктың маусым бойы маңызды ойыншы болып қала алатынын аңғартады.

Левандовски бұл маусымда да өз деңгейінде өнер көрсетуге ниетті екенін айқын көрсетті.