Қазақстан құрамасының көшбасшысының сәтсіз өнер көрсету себебін бас бапкер түсіндірді

Бокс
Olympic team
Астанада өткен бокстан Әлем кубогындағы Қазақстан құрамасының көрсеткішіне қатысты бұрынғы бас бапкер Дамир Буданбеков пікір білдірді. Бұл туралы Bassport.kz Sportbugin.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Маман жарыста ел намысын қорғаған Оралбай ағайындыларының өнерін жеке-жеке саралады.
— Нұрбек шаршаған. Орысша мұны «переутомление» дейді. Оның шаршағанын көздерінен-ақ білуге болады. Соңғы кезде көп жарысқа шықпады, мұның да әсері бар. Нұрбек әлі жиналады деп ойлаймын, — деді Буданбеков.
— Айбекке келер болсақ, аса ауыр салмақта сенімді жұдырықтасу үшін оған әлі де пісу керек. Жетілу керек. Масса жинағаны көрініп тұр. Олимпиадаға дейін үш жыл бар, бәрі реттеледі, — деп түйіндеді маман.
Еске сала кетейік, Әлем кубогында Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай +90 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль еншілесе, оның інісі, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері Нурбек Оралбай 80 келіде финалда Франция өкілі Иожерлин Сезардан жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты.