World Boxing: Қазақстан әлем кубогында ең көп алтын медаль жеңіп алды

Бокс
olympic.kz
World Boxing ұйымының ресми сайты Астанада өткен бокстан әлем кубогының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.
«Бір аптаға созылған жоғары деңгейдегі бәсекеден кейін Астана-2025 бокстан әлем кубогында жиырма боксшы алтын медаль иеленді. Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтті және ол он ерлер, он әйелдер салмақ дәрежесі бойынша өткізілді», – делінген ресми мәлімдемеде.
30 маусымда басталған додада 400-ден астам спортшы бақ сынап, 80-і жүлдегер атанды. Алтын медаль саны бойынша Қазақстан көш бастады – 8 алтын. Одан кейінгі орындарда Бразилия (4 алтын) мен Үндістан (3 алтын). Франция, Финляндия, Өзбекстан, Норвегия және Аустралия бір-бір алтыннан иеленді.
Бұл жетістік Қазақстан құрамасының бокстағы көшбасшылық орнын тағы бір мәрте дәлелдеді.