Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде бір саты төмен түсті

Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде бір саты төмен түсті
Футбол

kff.kz

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) ұлттық құрамалар арасындағы жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.

2025 жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан құрамасы бір позиция төмендеп, 114-орынға тұрақтады. Бұған дейін команда 113-ші сатыда тұрған болатын.

FIFA рейтингінің алғашқы бестігі өзгеріссіз қалды: көш басында – Аргентина. Одан кейінгі орындарда – Испания, Франция, Англия және Бразилия.

Айта кетейік, соңғы кездесулерде Али Алиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Беларусьтен 1:4 есебімен, ал Солтүстік Македониядан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Бұл нәтиже рейтингке тікелей әсер етті.