UFC турнирі жаңа елде өтеді: Қазақстан кезекте ме?

Жекпе-жек
Новости спорта
АҚШ-тың әйгілі UFC ұйымы 22 қарашада Катар астанасы Дохада Fight Night турнирін өткізетінін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.
UFC президенті Дана Уайт бұл шешімнің ұзақ жылдық жұмыс нәтижесінде жүзеге асқанын атап өтті:
— Біз бүкіл әлемді қамтығымыз келеді. Абу-Дабиде біраз уақыттан бері тұрақты турнирлер өткізіп келеміз және ауқымды түрде кеңеюді бастадық. Катармен жұмысымызға бірнеше жыл кетті, ақыры нәтиже берді. UFC бұрыннан Абу-Дабидің ажырамас бөлігіне айналды. Олардың табысына Сауд Арабиясы мен Әзірбайжан да назар аударды. Катарға баруды көптен бері қалап жүр едім. Енді бұл арман орындалады, — деді Уайт.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық ММА жанкүйерлері арасында UFC турнирін Қазақстанда өткізу туралы ақпараттар тараған болатын. Осыған орай UFC басшылығымен келіссөздер жүргізіліп жатқаны туралы мәліметтер де шықты.
UFC-дің Таяу Шығыстағы белсенділігі артып келе жатқан тұста, Қазақстандағы ММА дамуы мен жанкүйерлік қызығушылықты ескере отырып, алдағы жылдары елімізде де турнир өтуі мүмкін деген үміт бар.