Жанкүйерлер Шавкат Рахмоновты UFC-ден шығарып тастауды талап етуде

Жанкүйерлер Шавкат Рахмоновты UFC-ден шығарып тастауды талап етуде
Жекпе-жек

Sportburo.kz

UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде үшінші орында тұрған қазақстандық Шавкат Рахмоновтың соңғы мәлімдемесі жанкүйерлер арасында наразылық туғызды, деп хабарлайды Bassport.kz Bloodyelbow порталына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, бұған дейін берген сұхбатында “Номад”:

• жарақаттан толық жазылғаннан кейін,

• тек титулдық жекпе-жекке ғана шығатынын,

• аралық кездесулерге қызығушылығы жоқ екенін мәлімдеген еді.

Алайда жанкүйерлер бұл көзқарасты құп көрмей, әлеуметтік желілерде ашық сынға алды:

«Оны UFC-ден шығару керек»
«Дұрыс емес жауап. Сен жекпе-жекке шығасың — қашан айтылса, сол кезде!»
«Оны Power Slap-қа жіберіңіздер»
«Осы сияқты менталитеттің кесірінен UFC құлдырап барады. Ешкім енді жекпе-жекке шыққысы келмейді»
«ТОП-5 қарсыластармен бірде-бір жеңіс жоқ. Негізгі кардтарда болмады. Жылына бір жекпе-жек. Енді титул сұрап отыр»
«Егер күш жұмсағың келмесе — бұл мамандықты дұрыс таңдамаған шығарсың»
«Титулдық жекпе-жегін өзі өткізіп алды, енді дивизион алға жылжыды. Алда Ислам, Брэди, тіпті Усман бар. Саған енді біреумен айқасуға тура келеді, бауырым»

Рахмоновтың сөздерінен кейін UFC жанкүйерлері арасында оның чемпиондыққа лайықты үміткерлігіне күмән туды. Дегенмен, 19 жеңісі бар, жеңілмеген қазақстандық файтер өз жолынан таймай, титул үшін айқасуды ғана мақсат тұтып отырғанын атап өтті.

Ал титулдық белбеу Ислам Махачев пен Джек Делла Маддалена арасындағы жекпе-жектен кейін өз иесін табады деп күтілуде.