Шавкат Рахмонов келесі қарсыласын таңдады – бұл титулдық жекпе-жек болады

olimpbet arena
UFC ұйымының жартылай орта салмақ дәрежесіндегі үшінші нөмірлі қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (19-0) алдағы жоспарларымен бөлісіп, келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Bassport.kz.
“Номад”-тың айтуынша, Рахмонов чемпиондық белдік үшін ғана жекпе-жек өткізуді көздеп отыр. Ол Ислам Махачев (27-1) пен Джек Делла Маддалена (18-2) арасындағы жекпе-жектің нәтижесін күтеді.
«Егер бәрі жақсы болса, жыл соңына қарай октагонға оралғым келеді. Махачев пен Маддалена арасындағы жекпе-жекте кім жеңсе, мен сонымен жекпе-жекке шығамын. Егер күту қажет болса – күтемін. Бірақ мен тек титул үшін шығамын. Басқа жекпе-жектер маған қызық емес», – деді Рахмонов Ulysmedia.kz сұхбатында.
Қазіргі таңда Махачев – Маддалена жекпе-жегі әлі ресми бекітілген жоқ, алайда ол UFC 321 турнирінде (қазан, Абу-Даби) немесе UFC 322 ивентінде (қараша, Нью-Йорк) өтеді деген болжам бар.
Айта кетейік, бұған дейін Шавкат пен Белал Мухаммад арасындағы титулдық жекпе-жек екі мәрте кейінге шегерілген:
• алғашында – америкалықтың кінәсінен,
• кейін – Рахмоновтың жарақатына байланысты.
Бірінші жағдайда, Шавкат Иэн Гэрримен жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. Екінші ретте, Шавкаттың орнына Маддалена шығып, Белал Мухаммадты жеңіп, чемпиондық белдікті иеленді.
Енді Рахмонов дәл сол белдікті қайтарып алу үшін жекпе-жекке шықпақ.