Елена Рыбакина бір матч үшін қанша табыс табады — 2025 жылғы көрсеткіштер жарияланды

Елена Рыбакина бір матч үшін қанша табыс табады — 2025 жылғы көрсеткіштер жарияланды
Теннис

Чемпионат

Қазақстандық теннис жұлдызы Елена Рыбакина 2025 жылы әр матчтан орта есеппен 42,4 мың доллар табыс табуда, деп хабарлайды Bassport.kz «Дядя Ваня» Telegram-арнасы жариялаған мәліметке сілтеме жасап.

2025 жылдың басынан бері Рыбакина кортта 41 матч өткізіп, 29 рет жеңіске жетіп, 12 рет жеңіліске ұшыраған. Осы уақыт ішінде оның жалпы табысы 1,74 миллион долларды құрады (салықтар мен шығындарды есепке алмағанда).

Уимблдон-2025 турниріндегі табыстары:

• Елена Рыбакина (3-ші айналым) — $206 720

Бұл көрсеткіш қазақстандық теннисшілер арасында ең жоғарғысы. 2025 жылғы Уимблдон додасында қазақстандықтар жалпы $608 131 табыс тапқан. Бұл — соңғы үш жылдағы ең төмен нәтиже:

• 2024 жылы — $1,554 млн

• 2023 жылы — $828 945 млн

2025 жылы ең көп табыс тапқан қазақстандық теннисшілер:

1. Елена Рыбакина — $1,74 млн

2. Александр Бублик — $1,63 млн

3. Юлия Путинцева — $781 мың

4. Анна Данилина — $315 мың

5. Бейбіт Жукаев — $200 мың

6. Михаил Кукушкин — $170 мың

7. Дмитрий Попко — $140 мың

8. Тимофей Скатов — $127 мың

9. Денис Евсеев — $43,9 мың

Елена Рыбакина бірнеше жыл қатарынан еліміздегі теннис бойынша ең табысты спортшы болып келеді.