Елена Рыбакинаның Уимблдоннан қанша табыс тапқаны белгілі болды

NUR.KZ
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (дүниежүзілік рейтингте 11-орында) Уимблдон турниріндегі өнерін үшінші айналымда аяқтады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Жекелей сында үшінші айналымда Рыбакина дат теннисшісі Клара Таусоннан (22-ракетка) 6:7, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.
Осы нәтиже үшін Елена турнир ұйымдастырушыларынан 177 840 еуро (шамамен 108 млн теңге) көлемінде жүлде алды.
Айта кетейік, өткен жылы Рыбакина Уимблдонның жартылай финалына дейін жетіп, чехиялық Барбора Крейчиковаға жол берген болатын. Ал 2022 жылы Елена атақты Уимблдон турнирінде жеңіске жетіп, тарихи жетістікке қол жеткізген.
Биылғы жарыстың жалпы жүлде қоры – 22 714 380 еуро (13 млрд теңгеден аса). Жекелей сында чемпион атанған спортшы 3 510 000 еуро (2 млрд теңге) алады.
Өткен жылы Уимблдонда Барбора Крейчикова жеңімпаз атанған болатын.