Зарина Дияс Испанияда өтіп жатқан турнирді ірі жеңіспен бастады

Зарина Дияс Испанияда өтіп жатқан турнирді ірі жеңіспен бастады
Теннис

ktf.kz

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Испанияның Пальма-дель-Рио қаласында өтіп жатқан ITF сериясындағы W50+H санатындағы турнирде сәтті бастады, деп хабарлайды Bassport.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнирдің алғашқы айналымында 31 жастағы спортшы Португалия өкілі Матильда Хорхені сенімді түрде ұтып, матчты 6:3, 6:1 есебімен аяқтады. Кездесу 1 сағат 32 минутқа созылды.

Қазіргі таңда Зарина Дияс WTA рейтингінде 274-орында тұр. Келесі кезеңде ол әлемдік рейтингте 551-орында тұрған чехиялық Тереза Мартинцовамен кездеседі.

Жалпы жүлде қоры 40 мың еуроны құрайтын бұл турнир жазғы ITF сериясының бір бөлігі болып табылады және дәстүрлі түрде тәжірибелі теннисшілер мен жас спортшыларды жинайды.