Елена Рыбакина екі орынға төмендеп, WTA рейтингінде кері шегінді

Елена Рыбакина екі орынға төмендеп, WTA рейтингінде кері шегінді
Теннис

olympic.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина «Уимблдон» турниріндегі сәтсіз өнер көрсетуі салдарынан рейтингте айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Лондонда өтіп жатқан «Уимблдон» жарысының үшінші айналымында Рыбакина дат теннисшісі Клара Таусонға есе жіберіп, жарысты мерзімінен бұрын аяқтады. Былтыр дәл осы турнирдің жартылай финалына дейін жеткен спортшы биылғы нәтижесін қорғай алмады.

Салдарынан Елена WTA рейтингінде бірден екі сатыға төмендеп, қазіргі уақытта тірі рейтингте 13-орынға жайғасты.

Айта кетейік, 2022 жылы Рыбакина «Уимблдонда» тарихи жеңіске жетіп, Қазақстан теннисінің дамуына үлкен серпін берген еді.