Килиан Мбаппе “Реалдың” тарихындағы бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты

Чемпионат
Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе клуб тарихындағы ерекше жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.
Мбаппе клубтық әлем чемпионатының ширек финалында дортмундтық «Боруссия» қақпасына гол соғып (3:2), «Реал» сапындағы бір маусымда жеті түрлі турнирде гол соққан алғашқы ойыншы атанды. Бұл туралы Stats Foot әлеуметтік желіде мәлімдеді.
Франциялық жұлдыз бұл маусымда 58 матчта 44 гол соққан. Оның ішінде:
• Ла Лигада — 31 гол,
• Чемпиондар лигасында — 7,
• Испания кубогында — 2,
• Испания Суперкубогында, УЕФА Суперкубогында, клубтық әлем чемпионатында және Межконтинентал кубогында — 1 голдан.
Айта кетейік, Мбаппе денсаулығына байланысты клубтық әлем чемпионатының топтық кезеңін толық өткізіп алған болатын. Ал жартылай финалда мадридтік клуб Килианның бұрынғы командасы — «Пари Сен-Жерменмен» кездеседі.