Қазақстан құрамасы бокстан өткен әлем кубогында 16 медаль жеңіп алды

olympic.kz
Астанада World Boxing ұйымының аясында өткен бокстан әлемдік кубок өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының спортшылары жалпы есебі 16 медаль жеңіп алды. Оның ішінде – 8 алтын, 4 күміс және 4 қола жүлде.
Алтын медаль иегерлері:
• Санжар Тәшкенбай (50 кг)
• Махмұд Сабырхан (55 кг)
• Сабыржан Аққалықов (75 кг)
• Бекзад Нұрдәулетов (85 кг)
• Айбек Оралбай (+90 кг)
• Назым Қызайбай (48 кг)
• Виктория Графеева (60 кг)
• Наталья Богданова (70 кг)
Күміс жүлдегерлер:
• Нұрбек Оралбай (80 кг)
• Алуа Балқыбекова (51 кг)
• Надежда Рябец (75 кг)
• Елдана Тәліпова (+80 кг)
Қола медаль иегерлері:
• Ертуған Зейнуллинов (65 кг)
• Сағындық Тоғамбай (90 кг)
• Айдана Забынбекова (57 кг)
• Аида Әбікеева (65 кг)
Осылайша, Қазақстан құрамасы өз жерінде өткен халықаралық доданы жоғары нәтижемен аяқтап, ел қоржынына 16 жүлде салды.