Әлем кубогы: Қазақстан медаль саны бойынша Өзбекстанға жақындап қалды

Әлем кубогы: Қазақстан медаль саны бойынша Өзбекстанға жақындап қалды
Бокс

Vesti.kz

Астанада өткен World Boxing әлем кубогының кезеңі қазақстандық боксшылар үшін аса табысты болды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Қазақстан құрамасы өз алаңында өткен турнирде 16 жүлде жеңіп алды: 8 алтын, 4 күміс және 4 қола. Алтын медаль иегерлері: Санжар Тәшкенбай (50 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг), Бекзад Нұрдәулетов (85 кг), Айбек Оралбай (+90 кг), Назым Қызайбай (48 кг), Виктория Графеева (60 кг) және Наталья Богданова (70 кг).

Күміс жүлдеге Нұрбек Оралбай (80 кг), Алуа Балқыбекова (51 кг), Надежда Рябец (75 кг) пен Елдана Тәліпова (+80 кг) қол жеткізсе, қола медаль Ертуған Зейнуллинов (65 кг), Сағындық Тоғамбай (90 кг), Айдана Забынбекова (57 кг) және Аида Әбікееваның (65 кг) еншісінде.

Осы нәтижелердің арқасында Қазақстан құрамасы Кубоктың жалпы медаль кестесінде екінші орынға көтерілді. Қазір отандастарымыздың еншісінде 11 алтын, 7 күміс және 7 қола медаль бар. Бірінші орында 12 алтын, 4 күміс және 11 қоламен Өзбекстан орналасқан. Үздік үштікті 7 алтын, 7 күміс және 2 қоламен Польша түйіндейді.

Кубоктың келесі, үшінші кезеңі 15–22 қараша күндері Үндістан астанасы Нью-Делиде өтеді.