Шавкат Рахмоновтың әлемдік ММА рейтингіндегі орны белгілі болды

Шавкат Рахмоновтың әлемдік ММА рейтингіндегі орны белгілі болды
Жекпе-жек

Әлеуметтік желі

Белгілі MMA Fighting порталы салмақ дәрежесіне қарамастан үздік жекпе-жек шеберлерінің жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.  

Тізімді UFC жеңіл салмақтағы (lightweight) әлем чемпионы Ислам Махачев бастап тұр. Алайда ол UFC-дің pound-for-pound (P4P) рейтингінде көшбасшылық орнын сақтап қала алмады. Екінші орынға жартылай жеңіл салмақта (featherweight) өнер көрсететін испаниялық-грузиндік файтер Илия Топурия жайғасқан. Ал үздік үштікті ең жеңіл салмақтағы (flyweight) UFC чемпионы, бразилиялық Алешандре Пантожа түйіндейді.

Қазақстандық спорт жанкүйерлері үшін жағымды жаңалық – Шавкат Рахмонов бір сатыға көтеріліп, рейтингте 15-орынға орнықты. Ұзақ үзіліске қарамастан, ол әлемдік сарапшылардың сенімінен шығып отыр. Еске салайық, Шавкат соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді (16-1) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп шыққан еді. Осылайша Рахмонов кәсіби мансабындағы жеңіліссіз сериясын 19 жекпе-жекке жеткізді.

Айта кету керек, осы жолы бұрынғы уақытша чемпион, америкалық Белал Мухаммед рейтингте екі орын төмен түсіп, 14-орынды місе тұтты.