Қазақстанның үздік теннисшісі әлемдік рейтингте күрт құлдырады

Теннис
ktf.kz
Қазақстандық теннисші Александр Бублик ATP жаңартылған рейтингінде жұптық разряд бойынша бірден 92 сатыға төмендеп, 345-орынға түсіп қалды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Соған қарамастан, Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы мәртебесі Александр Недовесовқа тиесілі күйінде қалды. Алайда 38 жастағы спортшы да рейтингте төмендеді – ол 12 позиция жоғалтып, қазіргі таңда 169-орында тұр. Ал үздік үштікке кіретін тағы бір қазақстандық — Бейбіт Жукаев. Ол бір сатыға жоғарылап, 356-орынды иеленіп отыр.
Жекелей сында Александр Бублик Қазақстандағы №1 теннисші болып табылады. Соңғы ATP рейтингінде ол 15 орынға көтеріліп, әлемнің үздік 30 ойыншысының қатарына енді.