Қазақстандық клуб келесі маусымда шетелдік хоккейшілерді мүлде шақырмайды

Қазақстандық клуб келесі маусымда шетелдік хоккейшілерді мүлде шақырмайды
Хоккей

icehockey.kz

Өскемендік «Торпедо» клубы жаңа маусымда легионерлермен келісімшарт жасамайды. Бұл шешім мемлекеттік бюджет есебінен шетелдік спортшыларды қаржыландыруға тыйым салатын жаңа заңмен байланысты, деп хабарлайды Bassport.kz Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

Клуб әзірге легионерлердің еңбекақысын төлей алатын демеушілік қаражат таба алған жоқ.

Еске сала кетейік, өткен маусымда «Торпедо» Pro Hokei Ligasy плей-оффының финалына дейін жетіп, шешуші кезеңде «Арланға» төрт матчта есе жіберген еді. Алдағы маусымда өскемендік клуб Қазақстан атынан Континенттік кубокқа қатысады.